Оқу ғимаратында 12 жалпы оқыту пәндеріне арналған, 11 кәсіби және арнайы пәндерге арналған, 2 информатика, 2 лингофонмен жабдықталған кабинеттер, 4 интерактивті тақта, 74 компьютер бар. Кітапхана -16орын, мәжіліс залы -302 шаршы метр, спорт залы- 446 шаршы метр, 160 орындық асхана, медициналық қызмет көрсету бөлмелері бар.
Кітапхананың кітап қоры-4000 дана кітап.
Өндірістік оқыту шеберханасында - 6 шеберхана бар.
Заманауи жабдықталған жатақханада білім алушыларға толық қолайлы жағдай жасалынған кітапхана, оқу залы, асхана, дене шынықтыру залы, тазалық бөлмелері бар.
2015-2016 оқу жылында 4 мамандық бойынша оқушылар қабылданды: ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы - машинист, электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электромонтер, электр газымен дәнекерлеуші, аспаз. Оқуға негізгі орта білім базасында мемлекеттік тапсырыс бойынша 100 оқушы қабылданды, олар қазақ топтарында білім алуда. Оқу мерзімі 2жыл 10ай. Оқу тегін
Білім алушылар тегін оқулықпен толық қамтамасыз етілген.
Өндірістік оқыту шеберханасы аталған мамандықтар бойынша оқытуға қажетті құрал- жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
Колледждің материалдық –техникалық базасын нығайту мақсатында және алдағы уақытта ашылатын мамандықтарды өндірістік жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 104 млн. тенге көлемінде тапсырыс берілді.
2015-2016 оқу жылында 32 оқытушы еңбек етуде, оның ішінде 23 жалпы білім беру пәндерінің және арнайы пәндер оқытушылары, 1 аға шебер, 8 өндірістік оқыту шеберлері.
Білім алушыларға сапалы кәсіби білім беру мақсатында оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері колледждің материалдық-техникалық базасын нығайту, оқу үрдісін инновациялық технологиялар негізінде жүзеге асыру бағытында еңбек етуде. Жаңа оқу жылына қабылдау жоспарланып отырған мамандықтар бойынша қажетті оқыту әдістемелік әдебиет және өндірістік құрал-жабдықтар тізімдері жинақталып, тапсырыстар жасалынды.
Жаңа оқу жылына жоспарланып отырған мамандықтар:
Тігінші, автокөлік жөндейтін слесарь, шаштараз өнері және сәндік косметика, газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесарі, жеміс-көкөніс өсіруші.